Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Әке-шешесінен безген 15 жасар бала үйінен не үшін қашып кеткенін айтты

28.11.2022
0
Әке-шешесінен безген 15 жасар бала үйінен не үшін қашып кеткенін айтты

Алматылық Бекжан Әбдіжәмілов есімді 15 жасар оқушы үйінен кетіп, жақындарына жолағысы келмейді. Жолайын десе, әкесінен қорқады. Бұл туралы «Көреміз» ток-шоуына сілтеме жасаған KYN.KZ сайты хабарлайды.

Бекжанның айтуынша, оны мұндай қадамға итермелеген өз ата-анасы екен.

«Үйде тұрғым келмейді. Мені ұрады. Жертөледе қамап ұстайды. Сабаққа жібермейді. Өгей анам күн көрсетпейді», — дейді Бекжан.

5 күн бойы із-түссіз жоғалып кеткен бозбаланы полиция қызметкерлері Алматы қаласы маңынан тапқан. Алайда арадан тәулік өткен соң Бекжан үйінен тағы да кетіп қалған. Бұл жолы оны бір топ еріктілер тауып әкелген.

«Ресторанда администратор болып жұмыс істеймін. Түнгі 2-де жұмысыма келді. Мен ресторандағы жұмысымды аяқтаған соң, екеуіміз оның ауылына, Жаңалыққа аттандық. Біз үйін тауып, жетеміз дегенше таңғы сағат 5-6 болды. Үйіне бардық. Бала соңғы күндері сыртта қонып жүргенін, әкесі оны ұрып-соғатынын, жертөледе ұстайтынын айтты. Ал әкесі «қамқоршылық ұйымының өкілдері баланы осылай қамап ұстау қажет деген» деді. Әкесі баласының тәрбиесіз екенін, баласын қазір, тіпті керек етпейтінін де жеткізді», — дейді бейтаныс әйел.

Кәмелет жасына толмаған бозбаланы көршілері де іздеп, біраз әбігерге түскен.

«Үнемі үйінен кетіп қала береді. Қанша рет ұстап әкелді. Біз де көмектестік. Бәрібір қашып кете береді. Білмейміз несі барын», — дейді көршілері.

«Білмейміз қайда баратынын. Әйтеуір шығады бір жерлерден. Іздейміз, кеткеннен кейін бірден инспекторға хабарласамын. Ескертемін, баланың қашып кеткенін. Ал анасы 1,5 жасар кезінде тастап кеткен. Күнге де, түнге де қарамайды. Ұйықтап кетсең, бітті. Ойына келгенін жасап, алатын ақшасын алып, телефонды да талай ұрлап, келіншегімнің телефонын, банк карталарын да ұрлап жүрді. Талай ата-ана келді үйге «балаңды ұстап отырсайшы» деп. Бұл әдетін 1-сыныптан бастаған. 15 жасына дейін үйден неше рет қашқанын ұмытып та қалдым. Мектепте де дұрыс жүрмейді. Оқушылардың заттарын ұрлайды», — дейді бәле баланың әкесі.

Ал туған анасы Масақбаева Гүлназдың бүгінде екінші отбасы, бала-шағасы бар.

Болған жағдайға психологтар ата-анасын кінәлап отыр. Балаға қажет мейірім мен махаббатты әке-шешесінен көрмесе, бала оны сырттан іздейтінін алға тартты.

«Адамға назар аудару керек. Ал назар аударудың екі жолы бар: жағымды және жағымсыз. Егер әкесі баласына жағымды назар аудармаса, бала теріс жағын іздейді. Бір нәрсені бүлдіріп, өзіне назар аудартқысы келеді», — дейді психолог Арман Амангелді.

Қазіргі таңда бала «Ковчег» балалар үйін паналады. Ондағы мамандар Бекжанның әлі күнге ешқандай олқылығын байқамағанын айтады.

«Бекжан өмірге, қоғамға ренжулі. Отбасынан ешқандай жылулық көрмеген. Отбасы туралы айтқысы келмейді. Балалар үйінде бір ғана баламен достасты. Себебі ол бала да Бекжанмен тағдырлас екен», — дейді балалар үйінің қызметкерлері.

Бөлісу102Твит64
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6020 бөлісу
    Бөлісу 2408 Твит 1505
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3202 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2365 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 591
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2028 бөлісу
    Бөлісу 811 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1404 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 351
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1370 бөлісу
    Бөлісу 548 Твит 343
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.