Басты жаңалықтар
Имам әкесі немесе анасы араққа салынғаны үшін ұялатындарға шариғат пәтуасын түсіндірді
- автор kyn.kz
- 28 қараша, 2022
- 486
Имамаға әйел адам хабарласып: Анамның ішкіштігін бүкіл қайынжұртым бетіме басады
Имам Нұрлан Байжігітұлы арақ ішетін анасынан не әкесінен намыстанатын жандарға не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы.
Әлеуметтік желіде белсенді болып жүрген танымал имамға оқырмандарының бірі анасының 30 жылдан бері ішімдікке салынғанын, қайынжұрт, туыс пен қалың көпшіліктен ұялатынын айтып, аталған жағдайда не істеуге болатынын сұрады. Имам Нұрлан Байжігітұлы қиын жағдайда тұрған келіншекке дін бойынша өз кеңесін берді.
«Анаңыз ішкендіктен абыройыңыз түсіп қалады деп ойлайсыз ба? Аллаға шүкір! Анаңыз бар. Ол іше ме, жүре ме, не болса да анаңыз. Еңсеңізді түсірмеңіз, сондай адамнан сіздей асыл қыз туған. Өмірде кейде керісінше болып жатады. Сондықтан еш ұялмаңыз», - деген ақылын айтты имам.
⠀
Нұрлан Байжігітұлының берген ақылын бейнежазбаны көріп, тыңдап отырған оқырмандары да қоштай жөнеліп, келіншекке өз кеңестерін беріп, ойларын ортаға салды.
«Дұрыс, анасы бар адамдар бақытты ғой», «Имам деген осылай ақыл айту керек», «Шынайы ақыл, уағыз айтқан имамды бірінші рет көруім», «Анаңыздың қадірін біліңіз. Ішсе, бір себебі бар шығар. Мүмкін жүрегі жаралы шығар», - деп пікір білдірді желідегі оқырман.
Келесі мақала