Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қаңтар оқиғасында Жансейіт Түймебаевтың ұлын өлтірді деген күдікті ұсталды

Қаңтар оқиғасында Жансейіт Түймебаевтың ұлын өлтірді деген күдікті ұсталды
ашық дереккөз
Сот шешімімен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлын өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ.
"21 қазанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлын өлтірді деген күдікті ұсталды. Қазір ол қамауда отыр", - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 2022жылы 11 қаңтарда Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар қаза болғаны хабарланды.
Ол 6 қаңтар кешке сағат 18:35 шамасында көлігімен үйіне қайтып бара жатқан. Назарбаев көшесімен жоғары қарай жүріп келе жатқанда Сәтбаев көшесіне жетпей қиылыста тоқтаған. Осы уақытта белгісіз біреулер кенеттен оқ жаудырған. Елнар алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Айта кетері, Жансейіт Түймебаев әртүрлі жылдары мемлекет басшысының кеңесшісі, елші, білім министрі қызметтерін атқарды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар