«Үнді халқына күлеміз деп, өзімізге де келіп қалды»: Қоғамдық көлік тапшылығынан студенттер терезеден мініп жатыр (видео)
Қазақстандық блогер Дәулет Мұқаев өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бір топ студенттің есігі жабық, іші адамға лық толы қоғамдық көлікке терезесінен мініп жатқаны түсірілген бейнежазба жариялады. Бұл туралы KYN.KZ сайты жазды. Жұртты ашындырған бейнежазбаға Мұқаев та өз ойын айтты. «Үнді халқына күлеміз деп, өзімізге келіп жатқандай. Қалаларда қоғамдық көліктер жетпейді. Ал қалаға ағылып жатқан халық саны жылдан жылға көбеюде. Қалада автобус саны артпаса, төбесіне де шығатын күн алыс емес. Ол кезде Бангладеш боламыз», - деді ол. Айтылған көрініске желідегі көпшілік те күйінішпен түрлі пікір жазды. «Жылайын ба, күлейін бе? Қайда қарасаң да осы. Қоғамдық көліктерде жұрт консервная банкадағы балықтар сияқты терлеп бықсып отырады. Ерін беттерімен әйнекті сүйіп», «Бұл жабайылық, құптайтын дүние емес», «Көлік жетпейді, айлықты бермейді. Сонда не істейді ақшаны», «Осындай көріністі көрсем, жүрегім ауырады. Қаншама оқушылар, аяғы ауыр келіншектер міне алмай қалып кетеді», - деп жұрт ашына жазды. https://youtube.com/shorts/Ikr5h1yKuLY?feature=share