Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ауру қалса да, әдет қалмайды»: Саясаткер Қазақстандағы жағымпаздануды карьераның бір бағытына теңеді

«Ауру қалса да, әдет қалмайды»: Саясаткер Қазақстандағы жағымпаздануды карьераның бір бағытына теңеді
ашық дереккөз
Белгілі саясаткер Асхат Қасенғали Нартай Аралбайұлының YouTube арнасына берген сұқбатында Қазақстанда белең алған өтірік мақтау, жағымпаздану қасиеттері жайлы сөз қозғап, оның саяси карьерадағы орнын нақтылап берді. Бұл туралы KYN.KZ ақпараттық порталы хабарлайды. Ол жақында ғана өткен кезектен тыс президенттік сайлауда 81,3% дауыс алып, қайта сайланған Мемлекет басшысына мақтау айтып, карьерасын көтеріп жүргендерге құлаққағыс жасады. «Ауру қалса да, әдет қалмайды. 30 жылдан астам уақыттың ішінде болған саяси карьера жасаудың бағыты іспетті. Өкінішке орай, басты бағыты болмаса да, бір бағыты ретінде қалыптасып қалды Қазақстан қоғамында. Сол сарынның негізінде мақтауын асырып жатқан азаматтар бар шығар. Мақтау бар жерде қырағылық азаяды. Себебі «өзім мықтымын, өзім кереметпін» деген сияқты адамның ішкі сезімі пайда болады. Сондықтан көп мақтауға жол берген, көп мақтауды жүзеге асыратын қоғамның бірі біздің қоғам болса, оның қандай жеміс беретінін де өз көзімізбен көрдік. «Жаңа Қазақстан» сөз жүзінде қалып қоймау үшін іс жүзінде орынсыз мақтаудың азаюы да «Жаңа Қазақстанға» бастайтын жол болуға тиіс», - деді саясаткер. Сонымен қатар қоғамда орын алған жағдайларды айтудың, шындықты бүкпей, ашық түрде жеткізудің пайдалы екенін ескертті.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар