Жүрсін Ерманның әрі қарайғы еміне шетелдік құдасы Тедрос Адханом көмектесетін болды
Естеріңізде болса Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос ақынның туған құдасы
Белгілі айтыскер ақын Шалқарбай Ізбасаров пен бір топ ақын жиналып, жақында ғана ауруханадан шыққан және «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атағын алған Жүрсін Ерманның жағдайын біліп, марапатымен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. Ол өз жазбасында Жүрсін Ерманның ем алу үшін Еуропаға аттанғалы жатқанын хабарлады. «Жағдайы жақсарып қалыпты. Аллаға шүкір! Жақында ем-дом алу мақсатында еуропаға жол жүргелі жатыр екен. Бар ғұмырын ақсүйек өнерге арнаған ағамыздың амандығын бәріміз бірге тілеп қояйық. Жолыңыз болсын! Аман жүріңіз! Алла жар болсын», - дейді ақын. Естеріңізге сала кетейік, біраз уақыт бұрын ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түсіп, жағдайы әрең дегенде жақсарып, үйіне шыққан еді. Ақынның құдасы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебреисустің жақсы дәрігер тауып қойғанын да хабарлағанбыз.