Елдің көзінше түкірген мәжіліс депутаты халықтың ашуына тиді (видео)
Тікелей эфир кезінде сұқбат беріп тұрып түкірігіне ие бола алмаған мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті. Оның бұл ерсі қылығын көргендер көгілдір экран алдында терміліп отырған халықты сыйламағандығының белгісі ретінде қабылдап ызаланды, деп хабарлайды KYN.KZ. «Хабар 24» арнасының жүргізушісі депутат Ерлан Саировпен ЖЭО мәселесін талқылау мақсатында тікелей эфир барысында қысқаша сұқбаттасқан. Ерлан Саиров мәселені тізбектей бергенде камераның арғы бетінде тұрған ол эфир жүріп жатқанын ұмытып кеткен көрінеді, жұрт алдында түкіріп, масқарасы шықты. Бұл жағдайдан кейін депутат халықтан кешірім сұрап, тікелей эфирге апат жағдайы болған Екібастұзтан шығып тұрғанын мәлімдеді. «Осындай қолайсыз жағдай үшін қауымнан кешірім сұраймын. Екібастұзда аяз, далада тұрғандықтан осындай жағдай болды. Далада 4-5 сағат жүрдік, сол кезде тамағым құрғап кеткен болуы керек. Қауым алдында «аяздағы түкірік» үшін тағы да ғафу өтінемін», – деп кешірім сұрады депутат Саиров. «Тойып секіргені ме, тоңып секіргені ме», «Халықтың алдына шығып алып түкіріп тұрғаны қай сасқаны», «Этикет дегенді біле ме өзі», - деп ренішін білдірді желідегі көрермен. https://youtu.be/4SYgbMwbll4