Бұл туралы хабарлама ТЖД-ға сағат 14.08-де келіп түскен.
«Шамамен 100 шаршы метр алаңда вокзал ғимараты шатырының ағаш тақтайшасы жанып кетті. Халық ғимараттан жылдам шығып үлгерді, зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады ТЖМ.
Сағат 14.30-да өрт толығымен ауыздықталды.