Басты жаңалықтар

«Алматы-2» теміржол вокзалынан өрт шықты (видео)

Бұл туралы хабарлама ТЖД-ға сағат 14.08-де келіп түскен. «Шамамен 100 шаршы метр алаңда вокзал ғимараты шатырының ағаш тақтайшасы жанып кетті. Халық ғимараттан жылдам шығып үлгерді, зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ТЖМ. Сағат 14.30-да өрт толығымен ауыздықталды. https://youtu.be/nSb_Rdg2sdo