Қайырымдылықпен айналысып жүрген марқұм блогердің көпқабатты үйден секіріп өлгені белгілі болды
Мура Мариарчи лақап атымен танымал блогердің қандай жағдайда қайтыс болғаны белгісіз еді. Оқиғаның мән-жайы анықталып, Мұрат Бірмағамбетовтің көпқабатты үйден секіріп кеткені белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. «Сағат 10.40-та 7-үйдің жанынан 1984 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Ол 7-қабат балконынан секіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиға орнынан марқұмның өзі жазып кеткен жазбасы табылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізуге» сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады полиция қызметкерлері. Айта кетейік, елге есімі белгілі блогер әрі вайнер, қайырымдылық істермен айналысып жүрген Мұрат Бірмағамбетов 19 қараша күні жоғалып кетіп, 27 қараша күні мәйіті табылған еді.