Әнші Жанар Дугалованың қоқыс үйіндісінің арасында қансырап жатқан суреті елдің зәресін алды
Шоу-бизнес әлемінің белді өкілдерінің бірі, KeshYou тобының бұрынғы мүшесі Жанар Дугалова желіге өзінің қанға тұншығып жатқан суретін салып, жұртты шошытты, деп жазды KYN.KZ сайты. «Сoming soon», - деп жазған әншінің нені меңзегені белгісіз. Мұны көрген әншінің оқырмандары оны уайымдап, жағдайының жақсы екеніне көз жеткізгісі келді. Қоқыстың арасында жатқанын жариялап, көпті алаңдатып қойған жұлдызға желі қолданушылары тілектестігін білдіріп, амандығын тіледі. Ал кейбірі оның бұл образына таң қалысын да жасырмады. «Шошып кеттім, Құдай сақтасын», «Ой, мама! Я испугалась! Щяс таких случаев много же», «Абайлашы, қалқам», «Не болып кеткен сізге, Жанар», «Кто это», «Ойбай, Жанара, мынауың не», «Аман болыңыз», «Қасқа, не жатыс», «Астахфируллах шошып кеттім», - дейді оқырмандар.