Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Америкалық қыз қазақ жігітіне тұрмысқа шыққысы келетінін айтты

Америкалық қыз қазақ жігітіне тұрмысқа шыққысы келетінін айтты
ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде өте белсенді америкалық студент қыз желіде өзінің қазақ халқын, қазақ жерін жақсы көретінін қазақ тілінде жеткізіп, қазақтарды сүйсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы.  width= Ол АҚШ-тың Джорджия штатында орналасқан Атланта қаласында тұрады. Әлемнің 27 тілін еркін меңгерген полиглот қазақ тілін онлайн үйренген. Қазақ жігітіне жар болуды қалайтын қыздың негізгі есімі – Кэмерон, ал қазақша есімі – Айбала. Қазақ тіліне деген құрметі ерекше студенттің: "Жүрегімнің иесі де қазақ жігіті болса екен», - деген арманы бар. Оның айтуынша, Қызылорда қаласынан бала асырап алу сапары туралы жазылған кітапты оқығаннан кейін Қазақ еліне деген қызығушылығы пайда болған. Қазақ тілі мен әдет-ғұрпына деген ықыласы ерекше. Сондай-ақ қазақтардың Ислам дінін ұстанатындығына тәнті екенін де жасырмады. «Кітапты оқығаннан кейін алдымда бір мақсат тұрды. Қазақ тілін 2020 жылдың қаңтарында үйрендім. Бүгінде еркін сөйлей аламын. Онлайн арқылы да үйренуге болады», - дейді қазақша сайрап тұрған Кэмерон. Қазақ тілінде таспаланған бейнежазбасын көрген әлеуметтік желідегі қазақ жұрты оған алғысын айтып, ризашылығын білдірді. «Қайда жүрсең де, бақытты бол», «Айналайын арманына жет, енди нөмірін қайдан аламыз», «Өз елімізде жүрген кейбір мәнгүрттерге осындай сана бер, Алла», «Бақытты бол, айналайын», «Мақсатына жетсін», «Қазақшаңыз өте жақсы екен», – дейді желі қолданушылары.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар