Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Папилломаны қалай жоюға болады?

29.11.2022
0
Папилломаны қалай жоюға болады?

Бүгінгі таңда тек қарияларда ғана емес, жастардың денелерінде папиллома жиі кездеседі. Бұл ауырмайтын жара іспетті дүниеге жұрт мән бермейді. Зияны жоқ жара көзге түсіп тұрмаса, көп қолайсыздықтар тудыра қоймайды. Бірақ бұл адам үшін қауіп-қатері жоқ емес нәрсе. Медицина тілінде «папиллома» аталатын бұл нәрсе көбіне аса ұсақ саңырауқұлаққа ұқсайды, теріден жіңішке сабағымен көтеріліп тұрады. Ол дененің кез-келген жерінде пайда болуы мүмкін, мойында, кеудеде, қолтықта, қабақта, омырауда, ауыздың, мұрынның, тамақтың кілегей қабатында, жыныс органдарында, тіпті асқазан-ішек жолдарында шығуы да мүмкін.

Папиллома адам денсаулығынан айырылғанда белсенді болады, сондықтан ол көбіне қарияларға тән. Десек те соңғы жылдары ол бірте-бірте жастарды да айналдыра бастапты, өйткені олардың да денсаулықтарына зиян келтіретін факторлар көбеюде. Ал олардан ағзаға келер қауіп те аз емес, оқыс бір жағдайларда үзіліп, қанап, қабынып кетуі мүмкін. Кейбірі тіпті қатерлі жараға айналуы ықтимал. Әсіресе жыныс органдарына шыққан папилломалар бұл тұрғыда аса қауіпті.

Папиллома вирустары ағзаға түскен соң тері арқылы сыртқы көрінісін береді. Ғалымдардың айтуынша, бүгінде ол жер шары халқының 90 пайызын қамтып отыр. Қайраты қайтпаған адамдарда ол іште бұғып жата береді де, ағза әлсірей келе теріге шығады. Ал ағзаны ертеден әлсіретуде зиянды әдеттердің (темекі, арақ, есірткі пайдалану, ретсіз жыныстық қатынастар, контрацептивтерді көп қолдану, тағы басқа) үлесі басым екені белгілі. Вирустың бірден бас көтеруіне суықтап ауырған соң немесе тұмау кезінде дұрыс емделмей жүре беру, асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары, дәрі-дәрмекті дұрыс қолданбау, түрлі стресстер, бассейндер мен басқа да тұйық су көздерінде жиі шомылу, шамадан тыс күнге қыздырыну сияқты жайлар да әсер етуі мүмкін.

Папилломалар жыныстық қатынас арқылы да жұғады. Мұндайда ол әйел жыныс мүшесінің «басына» шығады. Олар медицина тілінде «Кондилома» деп аталады. Сондай-ақ ол тұрмыстық жолмен де жұғуы мүмкін, яғни папилломасы бар адам тұтынған заттан да ауыса алады.

Папилломаларды қазіргі кезде медициналық әдістермен жоюға болады. Бұл мақсатта күйдіру, лазерлік әсер ету сияқты тәсілдер қолданылады. Ал оны жоюдың халықтық тәселдері ежелден бар. Олар мынандай:

Күніне бір ас қасық табиғи әсел жеп тұру, көкөніс, жеміс-жидектер, шырындар қолдану керек;

Каcтор майымен таңертең және кешке сылау қажет;

Егер папиллома саңырауқұлақ сияқты шықса, оның айналасын майлы креммен сылап, өзіне иод жағу керек (бұл емді күз бен қыста жасаған дұрыс);

Жазда папилломаны чистотель (аптекаларда сатылады) сөлімен емдейді. Сөлді тұнбасы қалғанша қайнатып, сол тұнбаны сылауға пайдалануға болады;

Папилломаға сарымсақ бөліктерін таңуға болады;

Прополиске малынған мақтаны таңу керек;

Папиллома пайда бола салысымен оны сілекеймен сылап тұрған дұрыс;

Сіріңкеге оралған мақтаны мүсәтір спиртіне шылап, папилломаның үстіне арагідік 5-6 секунд басып тұру керек (спирт папиллома айналасындағы теріге тимеуі тиіс);

Күніне екі рет қызылша сөлімен бірнеше рет сылап отыруға болады;

Қышқыл алма бөліктерінен ботқа жасап дәкемен таңып немесе «пластырьмен» бекітіп қою керек.

Халық медицинасындағы бұл ем түрлерінің қолданылуына байланысты өзіндік ереже-талаптары бар. Мысалы, бұл емдерді айдық толуы, туылуы кезінде жасауға болмайды делінеді.

Десек те денеге папиллома шыққан жағдайда маман-дәрігерге қаралып, одан ақыл-кеңес алған дұрыс болмақ. Папилломадан кесіп, жұлып құтыламын деген денсаулығыңыз бен өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін екенін ұмытпағайсыз.

Бөлісу19Твит12
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3845 бөлісу
    Бөлісу 1538 Твит 961
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2114 бөлісу
    Бөлісу 846 Твит 529
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1680 бөлісу
    Бөлісу 672 Твит 420
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1589 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 397
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1475 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2118 бөлісу
    Бөлісу 847 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1437 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 359
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1107 бөлісу
    Бөлісу 443 Твит 277
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.