Басты жаңалықтар

QR код электрондық цифрлық қолтаңбаның орнына қолданылады

Енді ЭЦҚ орнына QR код пайдаланылады. Бұл туралы KYN.KZ сайты хабарлайды. «QR кодпен құжаттарға қол қою – смартфон иелеріне құжаттарға қол қою процесін жеңілдететін балама әдіс. Бұл – EGOV Mobile мобильді қосымшасы арқылы ЭЦҚ технологиясымен қол қою үшін құжатқа жылдам әрі оңай қол жеткізу мүмкіндігі. Яғни QR қол қою пайдаланушылар үшін өте ыңғайлы шешім», - деп түсіндірді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі. NCALayer пайдаланатын қолтаңбалардың қолданыстағы ЭЦҚ тетіктері де қолжетімді болады.