Басты жаңалықтар

Қостанай тұрғыны үш жыл бойы өзге азаматтан туған бала үшін алимент төлеп келген

Іс деректеріне қарағанда, ер адам әйелімен 2012-2015 жылдар аралығында некеде болған

Осы аралықта олардың қызы дүниеге келген. Ажырасқан соң ер адам заң бойынша, алимент төлеп, қызымен арақатынасын үзбеген. Демалыс күндері үйіне алып кетіп отырған. «2017 жылдың желтоқсанында бұрынғы әйелі тұрмысқа шығатынын хабарлап, баладан бас тартуын сұраған. Сол уақытта әкесі күмәнданып, ДНҚ сараптамасын жасатады. Зерттеу нәтижелері бойынша, қыздың әкесі басқа ер адам екені анықталды», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында. Осылайша, алданып қалған ер адам әйелден негізсіз алынған 352 121 теңгені өндіруді талап етіп, алимент төлеуден алып тастау туралы арыз жазады. Іс медиативті келісіммен шешілді. Сот екі тараптың шешімін қанағаттандырды. Енді бұрынғы әйелі келтірген шығын үшін 502 000 теңге төлейді.