Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерадам желіде өзге еркекпен қыз болып танысып, 350 мың теңгесін алып алған

Ерадам желіде  өзге еркекпен қыз болып танысып, 350 мың теңгесін алып алған
ашық дереккөз
Қарағандылық жігітпен әйел ретіне танысып, 350 000 теңге сұрап алған әйел алаяқ болып шықты, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Қарағанды қаласы ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 33 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ер адам оны бір әйел алдап, 350 мың теңгесін иемденіп алғанын айтқан. Қарағандылық ер адам әлеуметтік желіде романтикалық кеш өткізуге уәде берген әйелмен танысқан. Виртуал таныстықты ұйымдастырған алаяқ кездесу үшін ер адамнан белгілі бір соманы аударуын сұрайды. Әйел жаңа киім сатып алып, өзін біршама ретке келтіруі қажеттігін айтып, 350 мың теңгесі сұрап алған. Ақшаны алған бойда әйел байланысын үзген. Алаяқтық құрбаны болғанын түсінген ер адам полицияға жүгінген. Іздестіру шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушімен хат жазысып жүрген адамды ұстады. Алаяқ 28 жастағы жігіт болып шықты. Жігіт жәбірленушіні алдап, ақшасын қағып алғанын мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотталып, тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері тарапынан күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықталып жатыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар