«Құтырғандар»: Туған күн иесін тортпен ұруды әдетке айналдырғандарды жұрт сөкті (видео)
Желіде жиі тарап жүрген бейнежазбалардың бірі – туған күн иесін тортпен ұру. Тағы бір туған күн иесіне жасалған тосын сыйдың таспасы көптің ашуына тиді, деп хабарлайды KYN.KZ. Бұл жолы туған күнімен құттықтап келген қызға бір емес, екі торт лақтырған жігіттер желіде елдің алғысын емес, сөгісін алды. «Осы не әдет? Нанға обал болды-ау. Қойсаңдаршы. Неше ел нан таба алмай зарлап отыр. Обал, сауапты білсеңдерші мастанбаңдар», «Ұлдар өз еңбектерімен нан тауып көрмегендер ғой. Егер енбектенсе, нанның қадірін білер еді», «Жұрттар нанға зар боп жүрсе, бұлар нанмен ойнап масыққандар», «Не бәле ол? Нан ғой ол, ұяты жоқтар», «Аштықпен сыналғаннан тоқтықпен сыналған жаман» деп қазақ бекер айтпаған ғой. АЛЛА бәрін көріп тұр. Алапат ашаршылықты басынан өткізген халықтың қазіргі ұрпағы осы ма», - деп жұрт ашына жазды. https://youtube.com/shorts/U4678PXmpBo?feature=share