Қаңтар қырғынына қатысқан қызылордалық азамат 17 жылға бас бостандығынан айырылды (видео)
2022 жылдың қаңтар айында болған қанды қырғынға қатысқан азамат 17 жылға сотталды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Қызылордалық сотталушы 5 қаңтарда қаладағы сауда орталықтарының бірінің бірінде орын алған жаппай тәртіпсіздікке қатысып, әскери қызметшіге қарсы күш қолданып, «КамАЗ» әскери көлігін иемденіп алған. Көлікке отырғаннан кейін газ педалін соңына дейін басып, оны кірпішпен тіреп, әскери қызметшілерге қарай бұрып, өзі көліктен секіріп кеткен. 2022 жылғы 29 қараша күні Қызылорда соты тарапынан қаңтар оқиғасының қатысушысы Қазыбек Құдайбергенов «жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны» және «қызмет міндетін атқарған әскери қызметкердің өліміне әкелетін қасақана іс-әрекетке барғаны» үшін айыпты деп танылып, 17 жыл түрме жазасына кесілді. https://youtu.be/6cmWqBOxnfk