Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Екі ер адам 74 жастағы әжейді өртенген үйден аман алып қалды

Екі ер адам 74 жастағы әжейді өртенген үйден аман алып қалды
ашық дереккөз
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің дерегіне бойынша, Өскемен қаласында Бажов көшесінде орналасқан жер үйде өрт шыққан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. Үйдің шатыры, ағаш бөліктері, түрлі жиһаз, тұрмыстық техника мен жеке заттар өртенген. «Өрт сөндірушілер келгенге дейін үйдің қасынан өтіп бара жатқан ер адам түтінді байқап қалған. Ол үйдің көршісін оятып, екеуі терезені сындырып, ішке кірген. Бөлмелерді аралап шыққанда қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан 74 жастағы әжені көріп, оны сыртқа алып шығады. Осылайша, олар зейнеткердің өмірін сақтап қалды», - дейді ТЖД өкілдері. Жедел түрде жеткен құтқарушылар өртті толығымен ауыздықтады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар