«Жыл әкесі»: Қызын қолдан жасаған жылы көлігімен мектептебіне алып бара жатқан әке жұрттың жүрегін елжіретті (видео)
Қазақстан өңірлерінің бірінде түсірілген бейнежазбадағы әке желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді, деп жазды KYN.KZ cайты. Онда өзі жаурап бара жатса да, қызын қолдан жасалған жылы көлігіне отырғызып, аязға тоңдырмай мектебіне алып бара жатқан ер адамды көруге болады. Оның баласы үшін жасаған жанкештілігі мен шеберлігіне ел тәнті болып, алғысын жаудырды. «Алла ұзак ғұмыр сыйласын», «Алла разы болсын», «Осы бала өскен соң осындай әкесінің қадіріне жетер ме екен, қартайғанда жақсы қарай ма екен», «Жыл әкесі атағын беру керек», «Әкелер аман болсын», «Мынадай көлік жасаған әкеге мың алғыс», «Қызына повезло, осындай әкесі бар», «Әкесіне қадірін білетін қыз боп өссін», - деп тілектестігін білдірді желідегілер. https://youtube.com/shorts/k1jrDBdA-7E?feature=share