«Не пәле, құрысын қартайғанда»: Дүркіретіп той жасап, көңіл қосқан егде жастағы жұпты көрген көпшілік сынады (видео)
Әлеуметтік желіде үлкен кісілердің көңіл қосып, жасаған үйлену тойының бейнежазбасы көптің талқысына түсті, деп хабарлайды KYN.KZ. Онда жастары 60-70-тің аралығындағы егде жұптың қалған өмірінің соңына дейін бірге болуға серт байласқанын көруге болады. Қонақтардың алдына сән-салтанатымен кіріп келген жұп, тіпті тойдың басын салтанатты түрде заңды неке қию рәсімімен бастауды жөн көріпті. «Алланың қалауымен ауылымызда көптен күткен ұлы той. Ағамыз үйленіп, шаңырақ көтеріп жатыр», - деп жазады бейнежазба авторы. Егде тартқан екеудің «жалғыздың тек Құдайға жарасады» дегенді ұран етіп, жасаған әрекеті қызу талқыланып жатыр. Оқырманның біразы той иелерін бақыт тілесе, негізгі бөлігі дүркірете жасалған тойға қатысты сыни көзқарастарын айтты. «Дүркіретіп жасайтын жастан кеткен жандар ғой. Қарапайым шағын той жасағандары орынды болар еді. Әр нәрсенің өз кезеңі бар ғой», «Бас қосқан дұрыс қой, бірақ дүркіретпей шағындап жасаса да болады ғой», «Не пәле, құрсын қартайғанда», «Осындай жаста осындай тойдың не қажеті бар», «Жалғыздық құдайға жарасқан. Бақытты болсын! Бір-біріне серік болсын. Бірақ мынадай той үлкен кісілерге жараспайды. Мына көрініс жастардың тойына келемеж», - деп қарсы пікірлерін жазды желідегі жұрт. https://youtu.be/5hlLcD355T8