Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Нұрсұлтан атамдай басқарып алсын»: Желі қолданушылары Тұңғыш президенттің халық үшін еткен еңбегін еске алды

«Нұрсұлтан атамдай басқарып алсын»: Желі қолданушылары Тұңғыш президенттің халық үшін еткен еңбегін еске алды
ашық дереккөз
10 жыл бойы тойланып келген мереке күнгі үнсіздік халықтың Тұңғыш президентке деген сағынышын оятты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. Бұған дейін 1 желтоқсан «Тұңғыш президент» күні ретінде аталып, күнтізбеде қызылмен белгіленген даталар қатарында тұратын еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бұл мереке «жоғары маңызды әлеуетке ие» күн болып, алайда республика деңгейінде тойланбайтын болды. Тұңғыш президентті құрметпен еске алған желі қолданушылары оған деген сағынышы мен ерекше қадірлейтіндерін айта отырып, ел үшін істеген ерен еңбегі мен жақсылығын жазып, ұмытпау керектігін ескертті. «Мықты елбасы болды! Мен ол кісіні құрметтеймін», «Бір отбасына қарай алмай жүрген еркек қаншама, ал бір елді, соның ішінде көпұлтты елді басқару да оңай емес. Жақсылықты ұмытпау керек», «Осы мерекені қалдыра салу керек, не дегенмен ТҰҢҒЫШ президент болды ғой», «Нұрсұлтан атамдай басқарып алсын оттағандар. Жетілдік, аш болмадық. Атама мыңда бір алғыс. Әр әке Нұрекедей болып алсын, қыздары мен ұлдарының не істеп жүргенін білмейді. Ал атамыз, Аллаға шүкір, соғыссыз, әдемі өмір сыйлады бізге», «Менің жүрегім әрқашанда Нұрсұлтан Әбішұлы деп соғады, ол кісінің орны бөлек! Ол барда ел-жұртымыз қиналған емес, ұрыс-соғыс болған емес! Алла бәрін көріп тұр, қасындағы құртқан құзғындар, бірге қолдап, кеткен соң, жаман етіп бар еңбегін елеусіз еткен сол екіжүзділер! Не істеу керек болса, соны уақытында дұрыс жасады Нұр атам деп білемін», - деп жарыса жазды желі қолданушылары.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар