Рамазан Стамғазиев Нұрғали Нүсіпжановтың қазіргі денсаулық жағдайы туралы айтты
Бірнеше күн бұрын Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, әнші Нұрғали Нүсіпжанов ауруханаға түскені мәлім болған еді. Бұл туралы Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде хабарлаған. Қазақтың дәстүрлі ән өнерінің насихатшысы Рамазан Стамғазы әнншінің қазіргі жағдайы туралы Instagram парақшасына жазып салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. Оның айтуынша әншінің дәл қазір жаны сау болғанымен жаны жүдеу. Өнер абызы 85 жылдық мерейтойы елеусіз қалғанына ренжулі көрінеді. «Нұрғали ағамен кеше хабарласып жағдайын сұрадым. «Аға ауырып қалды деп жатыр, қалыңыз қалай, аман-есенсіз бе» деп. «Бір ауынап тұрдым, қаттылау келді, түрі жаман» деп біраз әңгімелестік. Шүкір, кәзіргі жағдайы жаман емес, сахнаға шығуға, ән салуға шамасы жетіп-ақ тұр. Іштегі бір өкініш – 85 жасқа келгенде, жоғарыдағы мінбедегі ақ жағалылардың көңіл бөлмегеніне қайран қалып отырғанын сездім… Айтатын қаншама әні іркіліп тоқтап тұрғаны, дүркіретіп өткізуіне көңіл бөлінбей тұрғанын естіп менде ойланып қалдым. Қазақ өнерінің қара нары, бүткіл өмірін өнерге арнаған ақсақал абызы, күнде 85-ке келіп жатқан жоқ. Алматының мәдениет басқармасы, әкімі қайда қарап орыр? Мәдениет Министірі, көмекшілері қайда? Оларға айтатын адам жоқпа….Ұят болды, айтатын сөзім жоқ. Нұрғали ағамызға Жаратқан ием күш қуат берсін! Жасай беріңіз, Нұр аға! 90-100-ге келген тойыңызды амандық болса, көруге жазсын», - деп жазды Стамғазиев.