Басты жаңалықтар
Тоқаев Павлодар облысының әкімін орнынан босатты
- автор kyn.kz
- 1 желтоқсан, 2022
- 231
Президент қысқы жылу маусымына дайындықты тексеру үшін комиссия құруды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.
"Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылсын", - делінген Ақорда жариялаған жарлықта.
Президенттің жарлығымен Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Айта кетері, Олег Крук бұған дейін Сқақовтың бірінші орынбасары болған.
Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысын 2020 жылдың қаңтарынан бері басқарды.
Еске салсақ, 27 қарашаға қараған түні Павлодар облысының Екібастұз қаласы 30 градус аязда жылусыз және ыстық сусыз қалды. Қалада жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы ТЖ режимі жарияланды.