Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Марқұм Асқар Забикулин туралы тың деректер шықты

01.12.2022
0
Марқұм Асқар Забикулин туралы тың деректер шықты

Астанадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде шыққан өртте тұрғындардың жанын аман алып қалып, өзі жан тәсілім еткен марқұм өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы тың деректер жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы «Көреміз» тележобасына сілтеме жасап.

Сол күні өрт шыққан пәтердің есігі балқып, ашылмай қалған. Асқар уақытты жоғалтқысы келмей, 12-қабаттан құтқару арқанымен төмен түседі. Дәл сол пәтердің үстіндегі пәтерден түскен жердегі терезенің кішкентай болуына байланысты сыймай, өзі де алып денелі Асқар күртешесін шешуге мәжбүр болған.

2015 жылы Көкшетау техникалық университетін бітірген Асқар 2017 жылы 9 желтоқсан күні отау құрған. Марқұмның курстасы оның қонақжайлығын еске ала отырып, ол туралы естеліктерін бөлісті.

«Үнемі алдыңғы сапта жүгіріп жүретін еді. Өрт шыққан орында адам болмаса да, барынша тезірек өшіріп, ғимарат, үйлерді аман сақтап қалуға тырысатын, өрттен кейін көп шығын келмеу үшін. Ештеңеден қорықпайтын ержүрек еді. «Неше жылдан бері өрт сөндіріп болдың ғой, басқа бөлімдерді де көрсейші» деп талай рет айттық. «Жоқ, жігіттер, мен өрт сөндіруді жақсы көремін. Осы мамандықты таңдағаныма өте қуаныштымын! Мен осылай өрт  сөндіре берейін. Бұл жұмыс маған арналған» деп жауап беретін», — дейді Забикуллиннің курстасы Ғалымхан Мұхамедхан.

Үйдің жатын бөлмесінде электр сымдарын ұзартқыш жүйесі қысқаша тұйықталып, өрт шыққан. «Ақмола құрылыс материалдары» құрылыс компаниясы 2010 жылы қолданысқа берген тұрғын кешенінде өрт қауіпсіздігі шаралары толық сақталмаған. Тіпті өрт сөндіру жендері де болмаған. Өрт шыққан «Қаһарман» тұрғын үй кешенінде бұған дейін де бірнеше рет өрт шығу жағдайы болған.

Ал марқұм Асқардың өзіне өрттен шығуға көмектескен Арғын есімді елордалық азамат оны қандай жағдайда көргенін айтты.

«Мен ол тұрғын үйде тұрмаймын. Қасынан өтіп бара жатқанынмын. Тұңғыш ұлым дүниеге келіп, сол үйдің қасынан гүл алуға келгенмін. «Көмектесіңдер» деген айқайды естіп, үйге кірдім. Өрт орнына мен келгенде өрт сөндіру қызметкерлері келіп қойған еді. Олар тез келді. Содан кейін тынышталды. Бір кезде бір тоқылдатқан дауыс естілді. Сол сәттегі жағдай толық есімде жоқ. Есікті аштым. Қап-қара түтін. Ондайды ешкімге көрсетпей-ақ қойсын. Қолыңды қойсаң, қолың көрінбейтін түтін. Ол жерден бір баланы алып шығып, тұншығып құлап, қайта тұрып келе жатқанда алдымнан Асқар шықты. «Үстіндегі кислородный баллоны мен маскасын шешуге көмектес» дегенін нақты білем. Бір кезде бәріміз балконда тұрмыз. Асқар «Қолымдағы сағатты шешіп қалтаңа салып алшы, сыртқа шыққанда бересің, қалтамдағы телефонды алшы» деді. Оның қолы қатты күйген еді. Бірақ Асқарды 80% күйік шалғанын сол сәтте білмедім», — дейді Арғын.

Бөлісу62Твит39
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6023 бөлісу
    Бөлісу 2409 Твит 1506
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3203 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2029 бөлісу
    Бөлісу 812 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1406 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 352
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1378 бөлісу
    Бөлісу 551 Твит 345
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.