Четверг, 23 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Марқұм күйеуін туған күнімен құттықтаған Ләйла Сұлтанқызы көпшіліктің көңілін босатты(видео)

01.12.2022
0
Марқұм күйеуін туған күнімен құттықтаған Ләйла Сұлтанқызы көпшіліктің көңілін босатты(видео)

Жақында ғана жұбайы қайтыс болған тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы марқұм күйеуін туған күнімен құттықтап, Қайрат Беркінбаев таспаланған ескі бейнежазбаларын жаряилады, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.

Марқұм Қайрат Беркінбаевтің көзі тірі болғанда 57 жасқа толатынын айтып, өкінішке толы есті естеліктерін жазды. Оның айтуынша, әкесінен айырылған қос ұлы әлі де үйренісе алмай қиналып, іштей егіліп жүр.

«Күнімді қараң еткен қараша сені бізден ерте алып кетпегенде бүгін сені 57 жасқа толған туған күніңмен құттықтаушы едік. Әр жазған хатыңды, аудио хабарламаңды әлі де тыңдап тұрамын. Ұлдар үшін өзімді барынша ұстауға тырысып жүрмін, денсаулығымның сыр беріп жүргені болмаса… Қолымнан келіп жүрген сияқты. Арманымыз көп еді. «Үлкен ұлдарды үйлі етіп, қызды қияға қондырдым, енді осы екеуін аяқтандырсақ», — дейтін едің. Айтпақшы, ұлдардан минут сайын хабар алып тұрушы едің, сол әдетке үйренген кенжелерің кішкене қиналып жүрген сияқты. Жігіт қой, білдірмейді. Бірақ кеше Сағадат өксігін ашумен бірінші рет шығарды. Дәл осы сәтте орның қатты білінді, сен секілді демеу бола алмадым, кешір. Сенің тематикалық туған күніңді барлық достарымыз жақсы көретін. Есіңде ме, 2007 жылы Батырхан марқұм өзі құттықтап әнін арнаған еді, Марат пен Еркебұлан «Мен алдандым», — деп пранк жасағаны ше? Ал жігіттер тобымен дует айтқаның?! Кездер-ай…

Ұлдарды сүндетке отырғызып, үлкен той жасағанамыз ше? 70-80 жасыңды да дәл осылай тойлаймын деген арманың бар еді. Соңғы жылдары екеуміздің туған күнімізді біріктіріп жасап жүр едік. «Осы жылы Ләйлә, 45-ке толасың, жыл сайын менің туған күнімді ерекше ұйымдастырып бересің, биыл туған күніңді дүркіретіп жасап берем», — деп уәде беріп едің.
20 жылдыққа ақ көйлек кигіземін, үлкен қып той жасаймыз деп едің… Енді қашан?! Неге тым ерте кеттің? Ұлдардың қызығын бірге көреміз деген арманымыз қайда? Басымда жауабы жоқ мың сауал ғана… Топырағың торқа, иманың жолдас болып, пейіште нұрың шалқысын», — дейді тележүргізуші.

Бөлісу21Твит13
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6020 бөлісу
    Бөлісу 2408 Твит 1505
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3202 бөлісу
    Бөлісу 1281 Твит 801
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2366 бөлісу
    Бөлісу 946 Твит 592
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1868 бөлісу
    Бөлісу 747 Твит 467
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    2028 бөлісу
    Бөлісу 811 Твит 507
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1405 бөлісу
    Бөлісу 562 Твит 351
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1372 бөлісу
    Бөлісу 549 Твит 343
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1545 бөлісу
    Бөлісу 618 Твит 386
  • Али Оқапов әке болғалы өміріндегі өзгерістер туралы айтты

    1054 бөлісу
    Бөлісу 422 Твит 264
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1189 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 297
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.