«Оралды Ресейге беру керек» деп ұрандатқандар сотталатын болды
Батыс Қазақстан облысының «Оралды Ресейге беру керек» деп мәлімдеме жасаған тұрғындарына қарсы тергеу ісі басталды, деп хабарлайды KYN.KZ порталы. Тұрғындардың ұрандатқан бейнежазбасы желіде біраз талқыға түсті. Оларды ҚР ҰҚК мен облыстық полиция департаменті өкілдері жедел құрықтады. Қолға түскен азаматтар өздерінің олай айтқысы келмегенін, арандатушылыққа бой алдырып қойғанын айтып кешірім сұрады. Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 2-бөлігі «Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, рулық, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. «Біз өзімізді қазақстандықпыз деп санаймыз» деген «батырлар» 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.