Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дәрігерлер тірі адамға мәйіттің бауырын салған

Дәрігерлер тірі адамға мәйіттің бауырын салған
ашық дереккөз
Шымкентте науқасқа алғаш рет мәйіттің бауыры трансплантацияланды, деп хабарлайды KYN.KZ. Жасалған ота шамамен алты сағатқа созылған. Күрделі трансплантацияны қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері жасады. Бұған дейін тек тірі донорлармен жұмыс істеп келген дәрігерлер қайтыс болған адамның ағзаларын пайдалану мүмкіндігін алғаш рет іс жүзінде сынап, бауырды науқас туыстарының келісімімен салған. Өлген адамның бауыры созылмалы бауыр циррозымен ауыратын 44 жастағы ер адамға берілді. Жылдар бойы аталған аурумен ауырған ер адамға жақын туыстарының арасынан донор табылмаған. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, қазір науқастың жағдайы жақсы. Сондай-ақ донордың басқа ағзалары мұқтаж науқастарға трансплантациялау мақсатында Астанаға арнайы рейспен жіберілді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар