Елімізде коронавирустың жұқпалы «Цербер» штамы жылдам таралып жатыр
Короновирустың бұл түрі өте жұқпалы және тамақтан ұстайды
Елімізде «Цербер» штамы таралып жатыр. Коронавирустың осы түрі өте жұқпалы. Бұл туралы ведмствоаралық комиссия отырысында мәлім болды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты KTK арнасына сілтеме жасап. Қараша айында қазанмен салыстырғанда сырқаттанғандар саны бір жарым есеге өскен. Аптасына орташа есеппен коронавирус жұқтырған 700 науқас тіркеледі. Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың айтуынша, әсіресе Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысында ауру апта сайын 2,2 есеге дейін өсіп отыр. Омикронның түрленген «Цербер» штамы әлемнің 65 елінде анықталған. Ал Қазақстанда әзірге тек Астанада тіркелді. "Омикрон «Цербердің» ерекшелігі: өте жұқпалы, бірақ жеңіл немесе орташа түрде өтеді, Бірнеше сұрақ қойылды, әрбір науқаста омикрон «Церберді» анықтаймыз ба, анықтамаймыз ба деген. Жоқ оның қажеті жоқ. Неге десеңіз, омикрон коронавирустың штамы, ол анықталған және емдеу жолы бірдей",-дейді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетов.