«Ұяты жоқтар»: Тікелей эфирде Айқынды жібермей сүйген Жұлдыз елге жақпай қалды (видео)
Айқын Төлепбергенді жібермей жұрттың көзінше жабысып сүйген әйелі Жұлдыздың қылығы көпке ұнамай, сынның астында қалды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Instagram желісінде тікелей эфирге шығып, футболға жанкүйер болып отырған Айқынды көрермендеріне сөйлетпей, жабыса кеткен Жұлдызға желі қолданушылары ашуланып, түрлі пікірлер жазды. Келіншегіне қарсылық танытпай, онымен ыржыңдасып отырған Айқыннан да мұндай әрекет күтпеген көрінеді оқырмандары. Тіпті Жұлдыздың футбол ойынына тура болжам жасаған адамға арнайы жүлде дайындап қойғанын айтып мәз. «Ұятсыздар, елдің алдына шығып алып, сүйісуге ұялмайсыңдар ма», «Мынау не қылық? Сендерді бүкіл Қазақстан көріп отыр ғой», «Ұяты жоқтар», «Бұлардың енді тікелей эфирге шығып сүйісуі ғана қалған еді» «Сенің махаббатың елге қызық емес қой. Тфу, не деген жиіркенішті! Кішкене этика, эстетика деген жоқ па көрерменді сыйлайтын», - дейді ашуға булыққан ел. https://youtu.be/icJv4m2yLdg