Басты жаңалықтар
2023 жылы зейнетақы қорынан қай жастағылар қандай сома ала алатыны нақтыланды
- автор kyn.kz
- 2 желтоқсан, 2022
- 540
Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2023жылы салымшылардың жасына сай қандай соманы қажетіне ала алатынын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ.
Көрсетілген таблица бойынша қазақстандықтар өз зейнетақы жинағындағы артық қаржысын 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалана алады.
"Кейбір шекті мәндердің өзгеруіне оларды есептеу кезінде жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштердің ескерілуі себеп болады", - деп атап өтті БЖЗҚ.
2023 жылға ең төменгі жалақы 70 мың теңгені, ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгені, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды деп көзделген. Шекті мәндерді есептеу кезінде ескерілетін басқа да әлеуметтік маңызды көрсеткіштердің де мөлшері көтерілді.