Александр Клебанов Екібастұз халқына апаттан кейін не көмек беретінін айтты (видео)
Ол осындай апат боларын алдын ала айтып, талай есікті қаққанын айтты
Бірнеше күн бойы жылусыз, далада қаңғырып қалған Екібастұз халқына Александр Клебанов үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. «Екібастұз ЖЭО кәсіпорны мемлекет меншігінен жымқырды деген қауесет жүр. Бірақ бұл олай емес. Біз бұл активті 2008 жылы сол жеке компаниядан сатып алдық. Біз бірнеше рет келіссөздер жүргіздік және жылу жүйесінің ескіру мәселесін қарастырдық. Бірақ жеке компания ретінде тұтынушылар үшін тарифтердің бағасын көтере алмаймыз, сондықтан да әу бастан бұл кәсіпорын тиімсіз болды. Біз ЖЭО-ны бірнеше жыл қатарынан қалаға беруді ұсындық. Апаттың салдарын ескере отырып, станция мен жылу желілерін ретке келтіруге және мемлекеттің «Екібастұзтеплоэнерго» капиталына қатысу мүмкіндігін қарастыруға дайынбыз. Апаттың себептеріне қарамай, компания зардап шеккендердің үйлеріне келген зиян мен шығынды жою жұмыстарын жүзеге асыратын болды. 2 желтоқсаннан бастап зардап шеккен балалар мен олардың ата-аналарын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанда облыстық санаторийлерге жіберуді қолға алдық», - дейді Клебанов. https://youtu.be/Ugzg9zzXAzA