Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үстіне құлап, бауырын езу керек еді: Тойда билеп тұрған биші қыз кішкентай қызды желкесінен жұлқып, ұшырып жіберді (видео)

Үстіне құлап, бауырын езу керек еді: Тойда билеп тұрған биші қыз кішкентай қызды желкесінен жұлқып, ұшырып жіберді (видео)
ашық дереккөз
Қазақстан өңірлерінің бірінде болған тойда билеп тұрған биші қыз қасынан өтіп бара жатқан кішкентай қызды желкесінен ұстап, шетке лақтырып жіберді, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Әлеуметтік желіде тараған бұл көрініс жұртты қатты ашуландырып, тіпті қызды тауып алып, жазаға тарту қажеттігін айтып жатыр. Бейнежазбадан қыздың қасынан өтіп бара жатқан 4-5 жасар шамасындағы кішкентай қыз бишіге өте жақын болмағанын байқайсыз. «Аяқ астында жағаласпа» дегендей қыздың желкесінен жұлқып, ұшырып жібереді. Оны көрген сол маңда отырған бір үлкен әйел ұшып түскен қыз бен қасындағы бірге ойнап жүрген қызды қолдарынан жетектеп, өзі отырған үстелге алып кетеді. Аталған көріністің желідегі куәгерлері бишіге қатты ызаланып, түрлі пікір білдіріп отыр. Тіпті оның кешірім сұрауын талап етті. «Найдите эту девушку, пусть прилюдно извинится перед девочкой и ее родителями», «Менің қызымды солай ұрса, қолын сындырар едім», «Бишінің шашын жұлар едім», «Мен болсам ана бишінің быт-шытын шығаратын едім. Дура! Сонша ұрып жібергені несі» «Ужас! Жүрек жоқ екен мына биші қызда», «Кәдімгідей салып жіберді ғой, оңбаған», «Мұны қалай байқамайсың? Баланың өзі де түсінбей қалды «от куда такой удар» деп», - деп шулап жатыр желі қолданушылары.   https://youtube.com/shorts/KSBUw_wSqfU?feature=share
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар