Ағылшын тілінде сайрап тұрған бүлдіршіндер елді аузына қаратты (видео)
Желіде тараған бүлдіршіндердің бейнежазбасы көпті таң қалдырды, деп жазды KYN.KZ cайты. Бейнежазбада 4-5 жас шамасындағы балалар ағылшын тілінде еркін сөйлеп, ағылшын тілінде қойылған сұрақтарға да мүдірмей жауап беріп отыр. Тіпті біреуі кітап оқып, жұртты сүйсіндірді. Балалар қазақ тілді балабақша оқушылары. Ал ата-анасының ағылшын тілі саласына қатысы болмағанымен, шетелде біраз уақыт тұрып, содан үйренген көрінеді. Ұл баланың есімі – Ерден. Анасы ағылшын тілін баласына 1 жасынан бастап үйреткен. Әуелі әріптерді, содан кейін ән айту, оңай сөздерді үйрете бастаған. Қазір Ерден 4 жаста. Екінші бүлдіршін – Ерденнің Әлима есімді 5 жасар әпкесі. Ол да ағылшын тілін еркін меңгерген. Әлима Англияда дүниеге келген, кейіннен Алматыға көшіп келген. Ал Ерден Қазақстанның тумасы. Екеуінің де тілі ағылшынша шыққан. Қазірден ағылшын тілін жетік меңгерген балаларға көпшілік тілектерін айтып, батасын беріп жатыр. Ал кейбірі балалардың тілі ағылшынша шыққанына қарсылық танытып, ата-анасының бұлай жасағаны дұрыс еместігін айтты. «Орыс тілін үйреткенше ағылшын тілін үйрету керек. Жарайсың», Баланың тілі ана тілінде шығуы керек. Жапон методикасымен таныссаңыз, балаға 8-9 жасына дейін бір де бір шет тілін оқытпайды», «Қазақ тілден ағылшынға аударып тұр ғой, екі тілді де жақсы біледі деген сөз, керемет! Тіл-көзден сақтасын балаларды», «Ағылшынға үйреніп кетіп, қазақша сөйлей алмай қалады негізі», «Қуанатын жайт емес. Керісінше дұрыс емес. Бұндай жаста бала тек ана тілінде сөйлеу керек. Сонда тілі дұрыс қалыптасады», «Қазақ тілін үйретейікші. Өтініш, қазақ елі, балаларымызға», «Тамаша! Балалардың болашағы жарқын болсын», - деп жазды оқырмандар. https://youtu.be/TUyQ8KwOK4s