«Жандарым, наконец-то»: Қайрош пен Төрешті трансгендер қатарына қосылғанымен құттықтады (видео)
ЛГБТ өкілдері – Гүлзада Сержан мен Жанар Секербаева Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәліні өз ұйымдарына қосылғанымен құттықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық порталы. Бұған дейін Қайрат пен Төреғалидің жабысып құшақтасып, тіпті аймаласқан бейнежазбалары тараған еді. Оны көрген жұрт шулап қоя берген еді. Бұл жолы қос әншіні Қазақстандағы ЛГБТ ұйымының негізін қалаушылардың өздері құттықтап, оларға тілектестігін білдірді. «Біздің қатарымызға қосылып жатқан Қайрош пен Төреғалиді шын жүректен құттықтаймыз! Бойыңыздағы нәзіктікті көре білгендеріңізге өте қуаныштымыз! Сіздердің махаббаттарыңызға өз қолдауымызды білдіреміз. Көпшілігі мұны жәй ғана «ерлер арасындағы досық» деп жатыр. Бірақ мұндай нәзіктікпен дос бола алмайды, тек қана жақсы көреді. Тек біз ғана бұлай жақсы көре аламыз», - дейді ЛГБТ ұйымы өкілдері. Желідегі сойқан құттықтауды көрген жұрттың кейбірі қос әншіні құттықтап, бақыт тілесе, кейбіреуі қарсы шығып, олардың отбасы бар екенін, бұл екеуінің ақыл-есі дұрыс еркек екендерін ескертіп жатыр. «Төреғали жынды ұрып кетпесін», «Мына біреулерді соттап жіберсе, таң қалмаймын», «Эма, и это Казахстан, и это Джигиттер», «Даа нууу, реально что ли», «Мы тоже рада», «Обожаю», «Төреғали, келін құтты болсын», «Поздравляю, Казахстан», «Мә, не болып кетті», «Сіздерге қалай қосыламыз, қыздарики», «Сәттілік тілейміз екеуіне», «Бақытты болыңыздар», «Балалары мен әйелдері бар ғой екеуінің», «Бақыт үшін соттамайды», «Жандарым, наконец-то», - дейді желі қолданушылары. https://youtube.com/shorts/9t_zZGlpblk?feature=share