Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Батыс Непалда әйелдерге арналған «етеккір үйі» дәстүрі бар

Батыс Непалда әйелдерге арналған «етеккір үйі» дәстүрі бар
ашық дереккөз
Мұнда тұрғындар етеккір кезеңінде әйелді «таза емес» деп санайды. Айына бірнеше күн әйелге үйге кіруге тыйым салынып, «етеккір үйі» деп аталатын арнайы лашықта жатуына тура келеді, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Мұндай күндерде күйеуі мен үй жануарларына қол тигізуге де болмайтын көрінеді. Сондай-ақ қыздарға ет жеуге, сүт ішуге болмайды, тек күріш пен су ішеді. Непалдықтарда «таза емес» әйел ауру, жамандық шақырады деген сенім бар. Егер елді мекендерде төтенше жағдай орын алса, ер адамдар саятшылықта оқшауланып, сол жерде бірге түнейтін әйел-қыздарды барлық қиындықтар үшін кінәлап ұрады. Сонымен қатар, жүкті әйелдерді де босану сәтінде «таза емес» деп, сол саятшылықта, антисанитариялық жағдайда босану үшін жалғыз қалдырады. Ешқандай көмек пен қолдау көрсетпейді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар