Интимдік өмірге арналған жәрдемақы беретін мемлекет туралы білесіз бе?
Голландияда интимдік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жәрдемақы беріледі, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Алайда бұл жәрдемақы белгілі бір санатқа жататын азаматтарға арналған. Голландия билігі халықты зерттей келе, жыныстық қатынасты қалайтын, бірақ физикалық қабілеті жоқ адамдардың көптігін байқап, аталған жәрдемақыны тағайындаған. Яғни олар кездесуге бара алмайды немесе қалаған адамы оларға қарамайды, менсінбейді, ұнатпайды. Осылайша голландиялықтар мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесудің жолын тапты. Ол үшін мемлекеттен субсидия алуға құқылы. Бұл жәрдемақыны жылына 12 рет, яғни айына бір рет ала алады. Жәрдемақы бойынша бір жыныстылыққа да рұқсат етілген.