Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Бас прокуратура: Жеке сот орындаушылары 1,1 млрд ақша ұрлаған

Сот орындаушылары ақшаны өндіріп, тиісті адамға берудің орнына өздеріне алған

03.12.2022
0
Бас прокуратура: Жеке сот орындаушылары 1,1 млрд ақша ұрлаған
Қазақстанның бас прокуратурасы бірнеше өңірде тексеріс жүргізіп, жеке сот орындаушыларының қылмыстық схемаларын анықтады.
Прокуратура органдары республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп, жеке сот орындаушыларының 2021-2022 жылдары борышкерлерден өндіріп алынған ақшаны уақтылы және толық аударуына тексеріс жүргізді.
«Алматы қаласында, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жүргізілген тексеріс нәтижесінде ақша ұрлаудың 660 фактісі анықталды. Жеке сот орындаушылары өндіріп алушылардың шотына аударылуға тиіс 1,1 млрд теңге қаражатты жымқырған», — деп хабарлайды бас прокуратура.
Мәселен, елордалық жеке сот орындаушы алимент бойынша жоқ қарызды әдейі анықтап, сот үкімімен мемлекеттің пайдасына тәркіленуге жататын 289 млн теңгені жеке тұлғаның банктегі шотынан шешіп алған. Ол бұл ақшаны Астана қаласы сот актілерін орындау департаментінің бұрынғы бастығына аударған. Осы қызметі үшін жеке сот орындаушы 10 млн теңге ұстап қалған.
Ал Алматыда жеке сот орындаушы бір жыл бойы борышкерлердің қаражаты есебінен өзінің банктегі депозитін жалпы сомасы 84 млн теңгеге 18 рет толтырған. Нәтижесінде ол пайыз түрінде 2 млн теңге табыс тапқан.
Осыған ұқсас тағы бір жағдай – жеке сот орындаушы өз депозитіне 13,6 млн теңге аударып, шамамен 5 млн теңгеге жуық сыйақы алған.
Қарағандылық 7 жеке сот орындаушы борышкерлердің 110 млн теңге ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Сондай-ақ алматылық жеке сот орындаушы «Жанұя» балалар үйінің кәмелетке толмаған тәрбиеленушісіне арналған 400 мың теңгені өз қажетіне жаратқан.
Павлодарда жеке сот орындаушы үш жыл бойы екі баланың 520 мың теңге мөлшерінде алиментін ұрлап келген.
Ал кейбір жеке сот орындаушылар өндіріп алушылардың ақшасын бастығының шығындарын жабу үшін пайдаланған.
Батыс Қазақстан облысында жеке сот орындаушы өңірлік палатаның басшысына және оның орынбасарына 1 млн теңге аударған. Олардың басқа әріптестері әйелдері мен туыстарына 4,7 млн теңге жіберген.
«Ақша ұрлау мен ысырап етудің анықталған фактілері бойынша 16 сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, қадағалау актісі бойынша 7 жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылды, 2 лицензия уақытша тоқтатылды, 55 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — делінген хабарламада.
Бөлісу117Твит73
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3923 бөлісу
    Бөлісу 1569 Твит 981
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4844 бөлісу
    Бөлісу 1938 Твит 1211
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2132 бөлісу
    Бөлісу 853 Твит 533
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1715 бөлісу
    Бөлісу 686 Твит 429
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1592 бөлісу
    Бөлісу 637 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1479 бөлісу
    Бөлісу 592 Твит 370
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1469 бөлісу
    Бөлісу 588 Твит 367
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2126 бөлісу
    Бөлісу 850 Твит 532
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1297 бөлісу
    Бөлісу 519 Твит 324
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.