Абай облысында 3 жасар немересін ерткен атасы мен әжесі үсіп көшеде қайтыс болды
Олар көршісіне қонаққа барып кележатқан. Аяз болғаны соншалықты үйлеріне жете алмай қалды
Абай облысы Жарма ауданының Терістаңбалы ауылында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Елді мекеннің үш тұрғыны, нақтыласам, ерлі-зайыпты кісілер 3 жасар немересімен қатты аяз кезінде үсіктен көз жұмды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, оқыс оқиға қарашаның 28-інен 29-ына қараған түні болған. Осы елді мекеннің 50 жас шамасындағы тұрғындары көршісіне қонаққа барып, қайтар жолда үйіне жете алмай қалған. Қазір аталған жағдайға байланысты Абай облыстық полиция департаменті іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.