Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Танымал ақын, журналист Қонысбай Әбіл қайтыс болды

Танымал ақын, журналист Қонысбай Әбіл қайтыс болды
ашық дереккөз
Белгілі ақын, журналист Қонысбай Әбіл дүниеден өтті, деп жазды  KYN.KZ. Оның айтыс өнерін жандандыруға қосқан үлесі сүбелі. Ол 1990 жылы Ташкентте Орта Азия және Қазақстан ақындарының айтысында бас бәйгеге ие болды. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Бейімбет Майлиннің 100 жылдығына орай өткізілген республикалық айтыстарда топ жарды. Торғай топырағынан түлеп ұшқан ақынды күллі қазақ «Әй-әй ақын» деп еркелететін. Қонысбай Әбілдің ой салар отты сөздері, халқымызға мұра болып қалары сөзсіз. 1954 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданының "Көкалат" ауылында өмірге келген. 1977 жылы Ә. Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. Көп жылдар бойы Торғай облысында облыстық "Торғай таңы" газеті редакторының орынбасары, қалалық "Арқалық таңы" газетінің редакторы, Торғай облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы секілді жауапты қызметтер атқарды
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар