Вторник, 21 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Оралдық дәрігерлер үш айлық сәбидің қолын кесіп тастады

04.12.2022
0
Оралдық дәрігерлер үш айлық сәбидің қолын кесіп тастады

Орал қаласының тұрғыны Бақтыбай Әжіғалиевтің 26 жыл күткен сәбиі қолынан айрылды. Ол бұған дәрігерлерді кінәлайды. Айтуынша, үш айлық баланың мүгедек боп қалуына аурухана қызметкерлерінің салғырттығы себеп, деп хабарлайды KYN.KZ  сайты  Астана арнасына сілтеме жасай отырып.

«Балам ертең бір он жылда «Қолым қайда?» десе не деп жауап беремін?» дейді  Бақтыбай Әжіғалиев.

Бақтыбайға осы сұрақ қазір маза берер емес. Өйткені 26 жыл күткен қуанышы ұзаққа бармады. Мерзімінен бұрын шала туған шарана облыстық перинаталдық орталықтың жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бөбегі біртіндеп салмақ жинағанына қуанған анасы екі аптадан кейін ұлының қолы салқын тартып, түсі қарайып кеткенін байқайды. Әрі дәрігерлер оның қолын жасырып, жөргекпен бүркеп қойыпты.

«Қолы жайлап-жайлап қан барса да, саусақтары қозғалады ғой. Соны істемей, екі күн отырды қозғалмай, УЗИ-ді күтіп. Сосудистый врачты шақыртты, ито оның өзін жолдасым шақыртқан сияқты. Дәрігерлер кінәлі. Врач, медсестра бәрі бірге реанимациядағы»- дейді  баланың әкесі Бақтыбай Әжіғалиев.

Сәби Рамазанның жағдайы күн санап нашарлаған соң, жергілікті және астаналық дәрігерлер консилиум шақырып, баланы Астанаға жібереді. Кейін Ұлттық Ана мен бала орталығында операция жасаған елордалық мамандар сәбидің қолын шынтақтан төмен кесіп тастаған. Денсаулық сақтау министрі бұл жағдайға қатысты тексеру жүргізілетінін жеткізді.

«Егер науқастан әлде туыстарынан арыз-шағым түссе, арнайы комиссия құрылады. Қазір біз осындай комиссияларға тәуелсіз сарапшыларды көптеп тартып, әрбір жағдай бойынша экспертиза тағайындаймыз»,-дейді  ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаят.

Сәбидің ата-анасы медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне шағымданған. Мұндағы мамандар диагноздың уақытылы анықталмағанын айтып отыр. Енді сарапшылардың бұл ұйғарымын прокуратура қарайды.

Бөлісу539Твит337
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    5458 бөлісу
    Бөлісу 2183 Твит 1365
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    2904 бөлісу
    Бөлісу 1162 Твит 726
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2355 бөлісу
    Бөлісу 942 Твит 589
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    1891 бөлісу
    Бөлісу 756 Твит 473
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1860 бөлісу
    Бөлісу 744 Твит 465
  • «Ұрланған қыз»: Мені ұрлап, қамап, қинап еккендер сот алды тергеуде ресми түрде өтірік жауап берді (видео)

    2024 бөлісу
    Бөлісу 810 Твит 506
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1441 бөлісу
    Бөлісу 576 Твит 360
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1280 бөлісу
    Бөлісу 512 Твит 320
  • Алматыдағы №86 мектеп директорының орынбасары: Қазіргі директорымыз белгісіз адамдарды жұмысқа тіркеп, айлығын өзі алады

    1260 бөлісу
    Бөлісу 504 Твит 315
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1098 бөлісу
    Бөлісу 439 Твит 275
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.