Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Денсаулық сақтау министрі өзін отставкаға кетсін дегендерге жауап берді

Денсаулық сақтау министрі өзін отставкаға кетсін дегендерге жауап берді
ашық дереккөз
Көпшілік министрдің отсавкасын сұрап қол жинаса, сенаторлар да министрлік жұмысын қатаң сынады
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаят өзінің отставкаға кетуі жайлы елді толғандырған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ. «Жалпы, денсаулық сақтау жүйесі мәселесі көп болатын әлеуметтік сала. Бұл туралы президент те айтты. Қазір министрлік, оның ішінде мен де осы мәселелерді шешуге тырысып жатырмыз. Отставка, тағайындау мәселелерін мемлекет басшысы шешеді. Сондықтан мұндай шешім қабылданса, мен дайынмын», - деді  Ажар Ғиният Сенат отырысында. Сенатта денсаулық сақтау мәселелеріне арналған үкімет сағаты өтіп, тиісті министрлікке тағы да көптеген сын айтылды. "Өмір сүру ұзақтығы қысқарды, нәрестелер мен ана өлімі өсті, халықтың медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі көп күттірмейді",- деді  сенатор Ольга Перепечина.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар