Ләйлә Сұлтанқызына шұғыл түрде ота жасалды
Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына жедел түрде ота жасалған. Бұл туралы әлеуметтік желіде оның көмекшісі хабарлады, деп жазды KYN.KZ сайты. " Айтпақшы алматыға не үшін келгенімді айтайын. Ләйлә Сұлтан қызының денсаулығы сыр беріп жедел түрде ота жасалды. Қазір жағдайы бірқалыпты. Денсаулықтарыңызды күтіп жүріңіздер. Бұйырса, өзі байланысқа шығады",- деп жазған Сұлтанқызының көмекшісі. Тележүргізушінің көмекшісі салған суретте оның отадан кейін ұйықтап жатқанын байқауға болады. желіде жылдам тараған қорқынышты суретті көргендер Ләйлә Сұлтанқызына қолдау тілектерін жаудырып жатты. Араға біраз уақыт салып, тележүргізуші өз парақшасында көпшілікке алғысын айтты. "Кешелі бері алаңдап жазып жатқан баршаңызға мың алғыс. жақындарым да қатты уайымдап кеткен соң байланысқа шыққаным жөн деп шештім. ота өткен аптада жасалды. Шүкір қазір бәрі жақсы. Ғұмырымның ең ауыр кезінде қолдау көрсеткен сіздерге көп рақмет. денсаулықтарыңызды күтіңізер. Алла сүйген құлын сынайды дейді, бұл күннен де өтерміз",-деді Ләйлә Сұлтанқызы.