Ресейдің Қазақстандағы елшісі: Қазақстандықтар даму үшін екі тілді қатар білуі керек
Ресей елшісі әр қазақстандық екі тілді мықты білсе, қос аяқта нық тұрады дегенді айтты
Ресей федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин "Россия сегодня" агенттігіне көлемді сұхбат берген. Онда ол Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасына, екі ел президенттерінің ортақ көзқарастары мен жоспарларына, Қазақстандағы саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайларға тоқталған, деп жазды KYN.KZ. "Тоқаев пен Путин бір кезеңнің адамдары. Олардың көп мәселелерде ойлары бір жерден шығады, ТМД-дағы хал-ахуалға көзқарастары ұқсас. Жалпы өмірдегі түрлі жағдайларға пікірлері жақын",-дейді Бородавкин. Ол Қазақстандағы орыс тіліне қатысты да пікірін білдірген. "Әр қазақстандық қос аяғында нық тұруы үшін білуі керек дүниелер: бірі мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Екіншісі ресми тіл -орыс тілі. Бұл қазақстан Конституциясындағы бекітілген нормаға сай. Осы екі аяқта нық болса олар алға қарай басады деген үмітім бар",- Қазақстандағы Ресей елшісі.