Ресей федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «Россия сегодня» агенттігіне көлемді сұхбат берген. Онда ол Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасына, екі ел президенттерінің ортақ көзқарастары мен жоспарларына, Қазақстандағы саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайларға тоқталған, деп жазды KYN.KZ.
«Тоқаев пен Путин бір кезеңнің адамдары. Олардың көп мәселелерде ойлары бір жерден шығады, ТМД-дағы хал-ахуалға көзқарастары ұқсас. Жалпы өмірдегі түрлі жағдайларға пікірлері жақын»,-дейді Бородавкин.
Ол Қазақстандағы орыс тіліне қатысты да пікірін білдірген.
«Әр қазақстандық қос аяғында нық тұруы үшін білуі керек дүниелер: бірі мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Екіншісі ресми тіл -орыс тілі. Бұл қазақстан Конституциясындағы бекітілген нормаға сай. Осы екі аяқта нық болса олар алға қарай басады деген үмітім бар»,- Қазақстандағы Ресей елшісі.