Ақтау қаласында жойқын жарылыс болып, ер адамның қолы жұлынып кетті
Оқиға болған 27 ықшамаудандағы №46 үй тұрғындарының мәліметінше, түскі уақытта пәтерлердің бірінде қатты дыбыс естіліп, жарылыстан терезелер ұшып кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Жарылыс салдарынан аталған пәтерде тұратын ер адам қолынан айырылған. Тұрғындардың айтуынша, зардап шеккен ер адам – әскери қызметкер. Пәтерде отбасымен тұрады. Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі жарылыс орнынан 1988 жылы туған ер адам жеткізілгенін хабарлады. Жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне орналасқан. Әзірге жарылыс себебі белгісіз.