Атырауда мұз жарылып, ер адам суға батып кетті
Атырау қаласының маңында орналасқан Жұмыскер ауылы тұсында, Жайық өзенінде ер адамның мұз ойылып, суға батып кеткені белгілі болды. Бұл туралы Атырау облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KYN.KZ. «72 жастағы ер адам 10 жастағы немересін ертіп, мұз үстінде серуендеуге шыққан. Кешкі сағат 21:10-да Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ер адамның денесін судан шығарған», - деп мәлімдеме жасады ТЖД. Суға батқан 2012 жылғы ер бала жедел құтқарылып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілген.