Ерке Есмахан өміріндегі кейбір жағдайдың көзбояушылық екенін мойындады
Өмірі жұрттың талқысына жиі түсетін Ерке Есмахан өміріндегі біраз дүниенің көзбояушылық екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Әлеуметтік желіде оқтын-оқтын сауалнама жүргізетін әнші бұл жолы оқырманнан түскен «Бәріне қалай үлгересіз» деген сұраққа жауап берді. Шоу-бизнез жұлдызы желіде белсенді болып көрінгенімен, оның бәрі өтірік екенін мойындады. «Қатты үлгере қоймаймын. Показуха менікі. Мен ұйқыдан тұрамын дегенше Алматының кептелісі басталып кетеді, 1-2 салон, шоппинг деген шаруаны бітіріп қайтамын. 24/7 телефондамын. Өйткені жігіт басқа қалада. Оның көңілін табу – үлкен шаруа. Шәй, тамақ деп қиналып жұмыс істеп жатқан мен жоқ», - дейді жігітінің шәлкез мінезді екенін меңзеген Ерке. Халықтың қалаулысы болып жүрген әнші шоу-бизнесте көптен көш ілері болғанымен, мектепте «озат оқушылардың» қатарынан табылмаған көрінеді. «Әйтеуір, үйтіп-бүйтіп оқып шыққаным есімде», - дейді ол.