Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазыбек Иса: Әкімдер мұзқала салғанша Мұзқалаға айналған Екібастұзға көмектессін

Қазыбек Иса: Әкімдер мұзқала салғанша Мұзқалаға айналған Екібастұзға көмектессін
ашық дереккөз
Депутат: Мұз үйде , жылы су құйылған бөтелке құшақтап жату не масқарашылық?
Депутат Қазыбек Иса жыл сайын мекекені сылтауратып мұздан қалашық жасауға бюджеттің миллиондарын аямай жұмсайтын әкімдерге шүйлікті. Олардың ішінде көш бастап тұрған Қостанай қаласының әкімін нақты цифрлармен дәлел келтіре отырып, мекерені емес жылы үйді армандап отырған Екібастұз халқын қолдауға шақырды. Депута Екібастұздың тура мағынасында Мұз Қала атануына облыс әкімі мен оның орынбасарлары кінәлі екенін басып айтты, деп жазды  KYN.KZ.
“Жаңа жыл” деп мұзқала салғыш әкімдер, оның орнына онсыз да мұзқалаға айналған Екібастұзға көмек беруі керек!
Бұл сөз ең алдымен Тәуелсіздік күнін аттап өтіп, жаңа жыл мерекесіне бір ай бұрын кіріскен, биылдың өзінде бюджеттен мұз қалашық салып, шырша орнатуға 44,1 миллион теңге бөлген Қостанай қаласы әкімі Марат Жүндібаевқа және басқа қалалар әкімдеріне арналады.
Қостанай қаласы әкімі Марат Жүндібаевтың өзінің “Астана” телеарнасына айтуынша, жаңа жылға бөлінген бұл бюджет ақшасы көп емес екен, әлі жеткіліксіз көрінеді…
Бұдан бөлек Қостанайдағы 2 шағын ауданда жаңа жылдық шырша мен сырғанақтар бой көтереді екен.
Қостанай қаласы әкімдігінің айтуынша, 2019 жылы да жаңажылдық безендіруге 44 млн теңге жұмсалған.
Ал кезінде Жылу электр орталықтарын тиынға сатып алып, доллармен миллионерлер аталып отырған олигарх Клебановтар мен тілі дұрыс болмағасын тірлігі де дұрыс болмайтын облыс, қала басшыларының кесірінен қақаған аязда жылусыз қалған Екібастұз қаласы тұрғындары пана іздеп, мұзқалашыққа айналған өз үйлерінен бас сауғалап безіп кетті…
Жылыну үшін ыстық су құйған бөтелкелерді құшақтап ұйықтауға дейін бару не деген масқарашылық!!
Ал осының бәріне тікелей кінәлі, жылуға жауап беретін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Круктың облыс әкімі міндетін атқарушы болғаны аязда жылу іздеген жұртты одан сайын қалтыратып жіберді… Әзірше, “міндетін атқарушы” деген уақытша анықтауыштан жұбаныш тауып, болашақта халықпен халықтың тілінде сөйлесе алатын іскер әкімнен үмітті болып отыр…
Бір топ парламент депутаттары Екібастұз қаласына барып, апатты жағдайды оңалту үшін үлестерін қосып қайтты.
Қымбатшылықтан қысылып, айлығы шайлығына жетпей, нанын зорға тауып отырған халықтың қыруар қаржысын күн жылығанда еріп кетер жасанды “құрылыспен” суға ағызып жібергенше, жұртқа пайдалы іске жұмсау керек, әкім мырзалар!",- деді Қазыбек Иса.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар