«Қайсысына «мал» деп айтарымызды білмей қалдық қой»: Памперс киіп тойханада жатқан қошқар жұртты күлкіге қарық қылды (видео)
Әлеуметтік желіде памперс жөргегін киген қошқардың бейнежазбасы тарады. Оны көрген жұрт таң қалысып, мазақ етіп, тіпті кейбірі ашуланып түрлі пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ. Аталған бейнежазбадан Қазақстандағы тойханалардың бірінде, тойдың төрінде жөргек киіп шалқайып жатқан қошқарды көруге болады. Оның айналасында бірнеше ер адам жөргегін ауыстырып немесе жаңадан кигізіп жатқанын байқайсыз. Шалқайған қошқарды союға дайындалып жатқан көрінеді. Тойға жиналған тойшыл қауым тойдың негізгі себебін ұмытып, екі көздері мен телефондарының камерасы қошқарға қадалған. Мұны көрген желідегі оқырмандардың да пікірілері түрліше. «Мәә, енді памперсті көбірек істеп шығаратын шығар», «Не тірлік енді мынау? Қазақтар не боп бара жатырмыз», «Не мынау? Скоро піл әкелетін шығар тойға», «Бастары қақпайды екен», «Қор болған, күлкілі болған қазағым-ай», «Не керек сол? Мақтанып, боғын ағызып обязательно көрсетіп беру керек па», «Кісілердің көзінше қалай сояды», - дейді желідегі жұрт. https://youtube.com/shorts/Z6PCRyrTseQ?feature=share